«Күйзелістің алдын алу және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру»


24 қыркүйек күні Ғ. Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ-нің 10–11 сынып оқушылары арасында «Күйзелістің алдын алу және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру» тақырыбында профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

Оқушыларға күйзелісті басқару, эмоцияны реттеу және қиын жағдайларда өзіне қолдау көрсету жолдары бойынша пайдалы кеңестер берілді.

Іс-шараны өткізген: психолог Темирбек А.Б.